Соледардың стратегиялық маңызы жоқ, бірақ бұл орыс армиясына көрші Бахмутты алуды жеңілдетуі мүмкін

Соледар үшін шайқас: Ресей аймақты басып алдық деді, Украина оны жоққа шығарды


12/01/2023
10:39 22628 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Украина қарулы күштері 11 қаңтар кешкі хабарламасында Соледар қаласы үшін шайқас жүріп жатқанын жазды. Ал Ресей қала орыс әскерінің бақылауына өткенін хабарлады. 

 

Украина президенті Владимир Зеленский кешкі видеоүндеуінде Ресей «пропагандистері» қаланы басып алғанын мәлімдеп, «мобилизацияны қолдап, арандатуды құптайтындарға дем бермекші» деді. 

 

– Шайқас жалғасып жатыр. Донецк бағыты төтеп беріп жатыр, – деді Зеленский.

 

Ресейлік "Вагнер" жеке әскери тобының жетекшісі Евгений Пригожин 11 қаңтарда кешке Соледар орыс әскерінің толық бақылауына өткенін хабарлады. "Вагнер" жетекшісінің сөзіне қарағанда, ұрыс кезінде 500 украин әскері өлтірілген-мыс, кейбірі берілген.

 

CNN телеарнасы Соледарға жақын маңда түсірілген сюжет көрсетті. Журналистер тілдескен украин әскері қала орыс әскерінің бақылауына өткенін терістеді, бірақ қалада жағдай өте күрделі екенін айтты. CNN сөйлескен мамандардың бірі Ресей әскерінің қаланы тұтас қоршап алуға тырысып жатқанын айтты. 

Егер орыс әскері Соледарды басып алса, бұл былтыр жазда басып алынған Лисичанскіден кейінгі орыс әскерінің бақылауына өткен тағы бір ірі елді мекен болмақ. Әскери сарапшылардың айтуынша, Соледардың стратегиялық маңызы жоқ, алайда бұл орыс армиясына көрші Бахмутты алуды жеңілдетуі мүмкін.

Поделиться

Нет комментариев.

12/01/2023 10:39
22628 0

Уведомление